13:43, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Неймар «ПСЖ» футболшыларынан кешірім сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ПСЖ» шабуылшысы Неймар команда ойыншыларынан кешірім сұрады. Париждік клубтың бразилиялық ойыншысы Эдинсон Каванимен болған ұрыс-керіс үшін кешірім сұраған.
Спортшы әзірге французша білмейді, оның сөздерін париждіктердің екінші бір бразилиялық футболшысы Тиаго Силва аударып берген.
Бұрын хабарланғанындай, Франция чемпионатының 6-турындағы «Лионға» қарсы матчтан кейін Кавани мен Неймар киім ауыстыратын бөлмеде төбелесіп қала жаздаған. Француз БАҚ-ының айтуынша, бұл оқиғаның түп-төркіні қаржы мәселесіне барып тірелуі мүмкін.