NHK: Жапонияның болат құю зауытында жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияның Хоккайдао аралындағы Муроран қаласындағы Nippon Steel болат құю зауытында жарылыс болды. Бұл туралы NHK-ға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Үндістанның Тамилнад штатындағы жарылыс
Фото: eadaily.com

Агенттік келтірген мәліметтерге қарағанда, жарылыстан соң өрт шыққан. 1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша өрт сөндіріліп жатқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Кәсіпорын қаланың өнеркәсіп ауданында орналасқан.

Осыған дейін Пәкістанда желім зауытындағы жарылыстан 16 адам мерт болғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар