Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқан павлодарлықтарды жерлеу рәсіміне Франция елшісі қатысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда Благовеценск шіркеуінде Францияның Ницце қаласында теракт кезінде қаза тапқан 60 жастағы Любовь, 32 жастағы Марина мен екі жасар Сильвия Панченколармен қоштасу рәсімі өтті.
«Бұл - бәріміздің үстімізге төнген қара бұлт. Барша Павлодар өңірінің тұрғындары ауыр қазаға көңіл айтады. Әлемнің назарын аударған Ниццедегін қайғылы оқиға жерлестерімізді айналып өтпеді. Павлодарлықтар жазықсыз өлім құшты. Бақилық болғандардың жатқан жері жарық болсын», - деді аймақ басшысы Болат Бақауов.
Жерлеу рәсіміне Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен мырза да қатысып, марқұмдардың отбасына көңіл айтты.
Облыс әкімі өз кезегінде марқұмдардың денесін туған жеріне жеткізіп бергені үшін Франция елшілігіне алғыс білдірді, деп жазады pavlodarnews.kz.