Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі қазақстандық студенттермен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рютте Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аясында Maqsut Narikbayev University студенттерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Нидерланд премьері
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Студенттердің бірі Премьер-Министрден Қазақстан мен Нидерланды арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы сұрады.

Кездесу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Егер әлеуетті ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, онда, әрине, бұл экономикамызды әртараптандыруға, классикалық энергия көздерінен дәстүрлі емес көздерге көшуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл – Қазақстанда құрылысты бастап жатқан Philips және Heineken компаниялары туралы», - деп жауап берді Марк Рютте.

Марк Рютте
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Оның айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы талқылаудың маңызды аспектісі су ресурстарын басқару мәселесі болып табылады.

Премьерімен кездесу
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Қазақстанға өз тарапымыздан көмектесу біз үшін үлкен мәртебе. Көмірсулар және жасыл технологиялар бағытында біз Мароккомен және басқа елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті Нидерланды Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар