Нидерландыдағы Утрехт қаласында болған жарылыс өртке ұласты

АСТАНА. KAZINFORM – Нидерландының Утрехт қаласында болған жарылыс салдарынан бірқатар ғимаратта өрт шықты. Биліктің мәліметінше, кемінде төрт адам жарақат алған, деп хабарлайды Anadolu.

Нидерландыдағы Утрехт қаласында болған жарылыс өртке ұласты
Фото: NOS

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сәйкес, Утрехт қаласының орталығында болған жарылыстың себебі әзірге белгісіз.

Жарылыс салдарынан бірнеше ғимаратта өрт тұтанған. Билік өкілдері оқиға орнында кемінде төрт адамның жарақат алғанын растады.

Қауіпсіздік мақсатында жарылыс болған аумақта дала госпиталі ұйымдастырылып, тұрғындарға бұл жерден алыс жүру жөнінде ескерту жасалды.

Айта кетейік, Швейцариядағы Кран-Монтана курортындағы өрт құрбандарына өтемақы көлемі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар