Нидерландта ChatGPT көмегімен қиылған неке жарамсыз деп танылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың 19 сәуірінде некесін қидыратын жұп достарын шақырып, рәсімді өткізуді өтінген. Құрбысы көп ойланбастан мәтінді ChatGPT көмегімен жасап шыққан, деп хабарлайды DW.

неке жүзігі, үйлену, той
Фото: Pixabay.com

Мысалы, рәсімде мынандай сұрақ та қойылған: «Сіз бір-біріңізді қолдауға, әзілдесіп тұруға, қиын сәттерде бірге болуға ант етесіз бе?». Алайда жасанды интеллект ең маңызды пунктті ұмытып кеткен — жұп бір-бірін заңды түрде жұбай ретінде мойындайтынын және барлық құқықтық міндеттемелерді орындайтынын көрсетуі керек еді. Ал бұл пункттерсіз Нидерландта неке жарамсыз саналады.

Нәтижесінде, рәсімді қарапайым өткізу жұпқа қымбатқа түсті: прокуратура сотқа некені жою туралы өтінішпен жүгінді.

Жұп прокуратураның өтінішіне қарсы шағым түсіруге тырысқан, өйткені ресми тіркеуші рәсімде болған, тіпті ChatGPT мәтінін естіп тұрған, бірақ қарсылық білдіріп, араласпаған. Дегенмен, сот қатал болды:енді заңды ерлі-зайыпты болу үшін жұпқа некені қайта қидыру қажет болады.

Бұдан бұрын Қазақстанда неке жасы ұлғайып, азаматтық неке көбейіп келе жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы елде Жаңа жыл қарсаңында қиылған неке туралы қызықты статистиканы ұсынды.

Соңғы жаңалықтар