Нигерде әскери төңкеріс жасалып, ел президенті кепілдікке алынды
деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Ниамейде кеше күндіз атыс-шабыс орын алған болатын. Барлау қызметкерлері мен француз дипломаты бұл әрекетті әскери төңкеріс талпынысы деп атап отыр. Куәгерлердің айтуынша, қалада пулемет даусы естілген, президенттік сарайдың төбесінен түтін байқалған, кейбіреулер жаралы жауынгерлерді көрген. Дерек көздердің айтуынша, министрлер кеңесінің жиналысының үстіне әскерилер басып кірген, президенттік сарайды басып алған және ел президенті Танджуды кепілдікке алған.
Елдегі саяси дағдарыс өткен жылдың тамыз айынан бері созылып келеді. Нигер Президенті Мамаду Танджа президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де билік басында қалу мүмкіндігіне ие болу үшін, оппозицияның наразылығына қарамастан, Конституцияға өзгерту енгізген еді. Танджа президенттіктің екі мерзімінен кейін желтоқсан айында өкілеттігін тапсыруы керек болатын, бірақ ол сайлаусыз билік басында тағы үш жылға қалу мүмкіндігін тауып отыр.