Нигердегі төңкерісшілер өтпелі үкіметтің басшысын тағайындады
деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.
Нигер елінде ақпанның 18-інде жасалған төңкеріс барысында, әскерилер ел президенті Мамаду Танджуды, үкімет мүшелерін тұтқынға алып, ал мемлекеттік билік органдарын таратқан болатын.
Мемлекеттік төңкеріс жасап, елдің қазіргі президенті мен үкіметін тағынан тайдырған әскери төңкерісшілер елдегі жағдайдың конституциялық тәртіпке қайтып оралатынына және жаңа конституция жасалатынына кепілдік бергенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Дерек көздердің айтуынша, министрлер кеңесінің жиналысының үстіне әскерилер басып кірген, президенттік сарайды басып алған және ел президенті Танджуды кепілдікке алған. Елдегі саяси дағдарыс өткен жылдың тамыз айынан бері созылып келеді. Нигер Президенті Мамаду Танджа президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де билік басында қалу мүмкіндігіне ие болу үшін, оппозицияның наразылығына қарамастан, Конституцияға өзгерту енгізген еді. Танджа президенттіктің екі мерзімінен кейін желтоқсан айында өкілеттігін тапсыруы керек болатын, бірақ ол сайлаусыз билік басында тағы үш жылға қалу мүмкіндігін тауып отыр.