Нигерия Президенті Умару Яр'Адуа дүниеден озды

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Нигерияда ел Президенті Умару Мұса Яр'Адуа дүниеден озды. Бұл туралы президент кеңсесінің өкілдері хабарлады.
None
None

Олардың нақтылауынша, мемлекет басшысы ұзаққа созылған науқастан қайтқан, деп хабарлайды Associated Press.

Президенттік кеңсе өкілдерінің айтуынша, Умару Яр'Адуа президенттік сарайында кеше кешке көз жұмған. Енді елдің билігі Нигерия президентінің міндетін атқарушы Гудлаг Джонатанға ауысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы қарашаның 27-сінде Умару Яр'Адуа жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар