Нигерияда діни қақтығыстарда 500-дей адам опат болды
АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі күні Нигерияның орталығындағы Джос қаласына жақын маңда христиандар мен мұсылмандар арасында орын алған қақтығыстарда ең аз дегенде 500-дей адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша,
Джос қаласының маңындағы бірнеше деревняның тұрғындарына мачетемен қаруланған адамдар шабуыл жасаған, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.
Мұсылман және христиан аймақтарының шекарасында орналасқан Джос қаласында қаңтар айында осындай діни қақтығыстардан кейін коменданттық сағат режимі енгізілген болатын. Қаңтар айындағы қанды қырғындарда да бірнеше жүз адам опат болған еді.