Нигерияда мұсылмандар мен христиандар арасында болған қақтығыстарда 200 адам қаза тапты

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Нигерияның Жос қаласында мұсылмандар мен христиандардың арасында орын алған қақтығыстардың салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты.

Нигерияда мұсылмандар  мен  христиандар арасында  болған қақтығыстарда   200  адам қаза тапты

Елдің вице-президенті Гудлак Джонатан сейсенбі күні әскерге елде тәртіп орнатуға бұйрық берді, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Жос қаласының төңірегіндегі елді мекендерде аптаның бас кезінде тұтанған бұл қанды қырғынға жергілікті әкімшіліктің былтырғы дінаралық қақтығыс кезінде қираған үйлерді қалпына келтірмек ниеті себеп болған.

Жос қаласы солтүстігінде мұсылмандар, ал оңтүстігінде христиандар басым қоныс тепкен аумақтың шекарасында орналасқан. Бұл жерде дінаралық қақтығыстар жиі орын алып тұрады.