Нигерияда содырлардың шабуылынан кейін 35 полицей жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда «Боко Харам» радикалдық тобы содырларының полицейлік академияға шабуылынан кейін 35 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғалып кетті, деп хабарлады Lenta.ru.
None
None

Оқиға Борно штатындағы Гвоза қаласының маңында болды. «Содырлардың соңғы шабуылы барысында жоғалып кеткен полицейлерді табудың барлық қажетті шаралары қолға алынуда», - деп мәлімдеді ұлттық полиция өкілі.

Сонымен бірге ол тәртіп сақшыларын «Боко Харам» тобының мүшелері ұрлап кетті деп асығыс қорытынды жасауға болмайтынын нақтылады. Оның айтуынша, кейбір полицейлер өлтірілуі, ал басқалары өз өмірлерін қорғау үшін академиядан қашып шығуы мүмкін.

Бұдан бұрын тамызда «Боко Харам» содырлары Гвозаны басып алған болатын, әскери топтардағы дереккөздің айтуынша, Нигерия Қарулы Күштері оны босату үшін арнайы операция жоспарын жасауда.

2014 жылғы сәуірде Нигерия өкіметі «Боко Харам» Шибокте 276 оқушы қызды ұрлап кеткеннен кейін лаңкестікке қарсы ауқымды операция жүргізуде. Сол кезде исламшылар қыздарды құлдыққа сататындығын немесе күштеп күйеуге беретіндігін айтқан болатын. Кейіннен жергілікті полиция адамдар ұрлауды ұйымдастырушыны ұстап, оған айыптар тағылды.

2014 жылғы қаңтардан бері лаңкестер жүздеген жергілікті тұрғындарды тұтқынға алды және 2 053 адамды өлтірді.

Соңғы жаңалықтар