Нигерияда тырысқақ індетінен көз жұмғандар саны 156-ға жетті
АБУДЖА. KAZINFORM – Нигерияда тырысқақ індетінен зардап шеккендердің саны 156-ға жетті. Ел бойынша тырысқақ жұқтырған 4809 адам анықталды, деп жазады Анадолы.

Нигерия ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (NCDC) мәліметі бойынша, 15 шілде мен 21 шілде аралығында елде тырысқақ жұқтырудың 170 жағдайы анықталып, аурудан үш адам көз жұмған.
Осылайша, қаңтар айының басынан бері Нигерияда тырысқақтан қайтыс болғандар саны 156-ға жетті.
Жалпы республика бойынша тырысқақ инфекциясының 4809 жағдайы анықталды.
Тырысқақты Vibrio бактериялары тудырады. Ол тамақ және су арқылы жұғады және ауыр диареяға алып келеді. Егер уақытылы емделмесе, нәтижесі өлімге әкеледі.
Таза судың жетіспеушілігінен басқа, Нигериядағы жұқпалы аурулардан жұқтыру және өлім қаупі тиісті медициналық қызметтердің болмауынан күшейіп кеткен.
Елде безгек, полиомиелит, іш сүзегі және маймыл шешек вирусы жиі кездеседі.