Нигерияда жерге таласқан малшылар 69 адамды қырып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның солтүстік-батысындағы Катсина өңірінде бірнеше елді мекендерге жасалған шабуылдардан кем дегенде 69 адам құрбан болды.
None
None

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шабуыл жасаған малшылар. Олар мотоциклдермен келіп, адамдарды жаппай өлтіре бастаған.

Бейсенбіде тек бір ғана ауылдың өзінде 47 адам жерленген. Барлық қауіпсіздік күштері Катсина штатында сапарда жүрген нигериялық президент Гудлак Джонатанды күзетіп жүргенде аталған ауылдарда қанды қырғын болып жатқан, дейді жергілікті депутаттардың бірі.

Бұл қанды оқиғаға фулани бақташылары мен жергілікті тив тайпасының диқаншылары арасындағы бұдан әлдеқашан басталған жер дауы себеп болуы мүмкін, деп жазады БИ-БИ-СИ . Олар жерге таласып, мал бағу құқығы үшін жанжалдасуда.

Соңғы жаңалықтар