20:36, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Нигерияда жүк машинасы адамдарға соқтығысты, ондаған адам мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Цемент салынған қаптар тиелген жүк машинасының жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай Нигерияның орталық бөлігіндегі адамдар шоғырына келіп соғады, соның салдарынан 55-тен 99-ға дейін адамдар мерт болған. Оқиға сенбі күні Коги провинциясының Декиан қаласында болған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мерт болғандардың саны туралы түрлі деректер келтіріп отыр. Бірнеше адам жарақат алды. Коги губернаторы зардап шеккендердің емделуіне ақы төлеуге даяр екенін мәлімдеді.