Никарагуадағы қатты зілзала дүрбелең туғызды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Никарагуаның батыс жағалауларында сәрсенбі күні, ақпанның 24-інде тербелісі 5,9 баллдық зілзала болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулерінің кіндігі Манагуадан - Никарагуаның астанасынан 120 шақырым қашықтықта Тынық мұхитта орын алды.

Құрбан болғандар мен қирағандар туралы хабар түскен жоқ. Алайда жерасты дүмпулері Никарагуаның Леон, Масай және Гранада сияқты ірі қалаларындағы тұрғындар арасында дүрбелең туғызды.

1972 жылы болған жойқын зілзала салдарынан Никарагуаның астанасы толықтай қираған болатын.

Соңғы жаңалықтар