Никита Филиппов - Универсиаданың қола жүлдегері

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық жеңіл атлет Никита Филиппов сырықпен секіру бойынша үштікті түйіндеді.

Никита Филиппов - Универсиаданың қола жүлдегері

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Филипповтың бағындырған белесі 5.50, ал жеңіс тұғырына көтерілген американдық Гэфин Кендрикс және күмісті олжалаған жапондық Сейко Ямамото нәтижесі 5.60-ты құрайды.

Еске сала кетейік, кеше күрес бойынша Бердах Пірімбаев қола медальді еншілесе, семсершілердің құрамасы да ерекшеленді.