Николя Саркозиге айып тағылды

АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы Президенті Николя Саркозиге айып тағылды.
None
None

24.kz арнасының хабарлауынша, саясаткер Лореаль компаниясының бұрынғы басшысы Лилиан Бетанкурден 150 мың еуро қаржы алған деген күдік бар. Алынған қаражат 2007 жылы президенттік сайлау науқанын қаржыландыруға жұмсалған көрінеді. Ал, заңға сәйкес Саркози қайырымдылық қорынан 4,5 мың еуродан артық ақша алуға құқы жоқ. Ал, Бетанкурге қатысты тергеу ісі 6 жыл бұрын басталған болатын. Ол кезде Саркози Президент лауазымында болғандықтан, оған қарсы іс қозғалмаған еді. Кейіннен бұрынғы Президент іске қатысты куәгер болған. Енді ол өзі айыпталып отыр. Жалпы 90 жастағы Лилиан Бетанкур Альцгеймер дертімен ауырады.

Соңғы жаңалықтар