17:16, 10 Сәуір 2025 | GMT +5
Нысана көздеу: Александра Ле мен Ислам Сәтпаев әлем кубогында үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM – Нысана көздеуден Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстанның екі командасы алғашқы ондыққа енді. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Атап айтқанда, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев пневматикалық винтовкадан (10 метр) аралас командалар арасындағы жарыста 8-орын алды.
Дәл осы бағдарламада Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский 10-орынға тұрақтады.
Бұл сайыста Қытай құрамасы жеңіске жетсе, екінші орынды Үндістан иеленді. Ал үздік үштікті Аргентина түйіндеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір медаль бар. Қола жүлдені Арина Алтухова жеңіп алды.
Еске салсақ, бұған дейін Олимпиадалық салмақ дәрежелері өзгергенін хабарлаған едік.