Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нысана көздеу: Алматыда Қазақстан іріктеу чемпионаты өтіп жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - Алматы қаласында нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

с
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ел біріншілігіне 180 спортшы қатысып жатыр. Жарыс барысында жекелей және аралас командалық сындарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Сонымен қатар ішкі біріншіліктің қорытындысы бойынша алда өтетін халықаралық жарыстарға және 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарына, сондай-ақ, 1–15 қараша күндері ұйымдастырылатын әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 10 шілдеде аяқталады.

Елімізде «Спортшылар кеңесі» құрылғанын жазған болатынбыз.

Кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді.