Нижний Новгородта африкалықтармен төбелес болды

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Нижний Новгородта африкалық студенттер мен жергілікті тұрғындардың арасында төбелес болды, деп хабарлайды РБК агенттігі. Төбелеске 50-ге жуық африкалықтар мен соншалықты жергілікті тұрғындар қатысқан.

Нижний Новгородта     африкалықтармен    төбелес болды

Оқиға студенттердің екі шағын тобының арасында кикілжің орын алған дәмханалардың бірінде басталған. Одан кейін екі топқа да бірнеше ондаған адам көмекке жеткен. Төбелес кезінде шөлмектер, биталар қолданылған. Кейіннен, төбелеске қатысушылардың біреуі бас жарақатымен ауруханаға жеткізілгені мәлім болды.

Тергеу амалдары басталды.