15:13, 22 Қараша 2011 | GMT +5
«НКОК» мұнай консорциумы Атырауда 160 орынға арналған балабақша салды
ЫРАУ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Дамбы кентінде бүгін 160 орынға арналған балабақша пайдалануға берілді.

Мектепке дейінгі балалар мекемесі аймақ өкімет орындарымен әлеуметтік әріптестік аясында «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» («НКОК») мұнай консорциумының қаржысына салынды.
Балабақша түгелдей жиһаз және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балабақша алаңында жабық ойын алаңы, бақ учаскесі бар.
«НКОК» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1998 жылдан 2010 жылға дейін Атырау және Маңғыстау облысластырынң жергілікті өкімет орындарымен тығыз әріптестіктің арқасында өңірде 136 жоба іске асқан, оның ішінде спорт, мәдениет, білім және денсаулық сақтау нысандары тұрғызылған.