Нобель сыйлығының алғашқы иегерлері анықтала бастады

Астана. 9 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Стокгольм қаласында Нобель сыйлығының алғашқы жеңімпаздарының аты-жөні аталды.
None
None

Қос ғалымға сыйлық 15 қазан күні тапсырылады. Сыйлық қоры шамамен 1,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Олар - жапондық Синья Яманака мен британдық Джон Гердон сынды физиология және медицина саласының ғалымдары. Биологтар Нобель сыйлығын бағаналы жасушалар туралы зерттеулері үшін алды. Олар бұл жасушалардың әрекетін плюрипотентті түрде өзгертуге болатынын дәлелдеген.

Джон Гердон Англияда сэр деген мәртебелі атаққа ие. Қос ғалым да бірнеше жылдан бері Нобель сыйлығына үміткерлер қатарынан түскен емес, Нобель комитеті олардың ашқан жаңалығын"ғылымда төңкеріс жасады" деп атап өткен.

Соңғы жаңалықтар