Нобель сыйлығының лауреаттары дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіреді

ГАВАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Гаванада Нобель сыйлығының лауреаттарының қатысуымен ашылатын сарапшы-экономистердің халықаралық кездесуінде экономикалық дағдарыс мәселесі негізгі тақырып болады.
None
None
Басқосуға әлемнің 50-ден астам елінен 1500-ге жуық мамандар мен ғалымдар қатысқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап. Шақырылған нобельдік лауреаттардың арасында Роберт Манделл, Роберт Ингл және Эдмунд Фелпс бар. Манделлдің баяндамасы қаржы дағдарысының әлемдік валюталық жүйесіне тигізіп отырған әсерінің салдарына арналса, Ингл қаржылық құбылмалылық (волатильность) туралы әңгімелеп береді. Ал Фелпс альтруизм мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне қатысты өз көзқарасымен таныстырады.
Соңғы жаңалықтар