Нөмір тақпайтын жүргізушілерге қарсы рейд жүруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы мемлекеттік нөмірсіз жүретін жүргізушілерге қарсы рейд өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, көлікті нөмірсіз басқарған - 11 жүргізуші, нөмірі анық көрінбейтін - 10 және жалған нөмірлермен жүрген 8 жүргізуші анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

«Мұның алдында хабарлағанымыздай, нөмірсіз жүру жүргізушілердің жолдағы тәртібінің нашарлығын көрсетеді. Көбінесе олар арнайы бақылау камераларына түссем, айыппұлға ілінбей қалам деген оймен номерсіз жүреді. Шындығына келгенде, бұлай ойлайтындар үшін әкімшілік жаза бар», - деді ІІД өкілі Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері өткен демалыста терезесін көлегейлеп алған 15 жүргізушіні анықтаған.  

«Заң бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабы 5-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деді Жандос Мұраталиев.

Соңғы жаңалықтар
telegram