08:54, 04 Қаңтар 2016 | GMT +5
Норвегия ғалымдары бұғыларды зерттеу жұмыстарына пайдалануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегия ғалымдары бұғыларды ғылыми жұмысқа тартып, пайдасын көре бастады, деп хабарлады www.24kz.

Олар жануарлардың мойнына суреттер мен жазбалар түсіретін бейнекамера бекіткен. Осылайша, мүйізді «операторлар» 4 жыл бойы 140 мың сурет түсіріп, 50-ге жуық бейнетаспа жасады.
Біз бұғылардың осы таулы аймақтағы игіліктерді қалай пайдаланатынын білгіміз келді. Бізді әсіресе адамдардың оларға тигізетін әсері қызықтырды. Олаф Странд, NINA ғылыми қызметкері: -
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұғылардың қалыпты өмір сүру үрдісіне адам баласының тигізер ықпалы зор. Мысалы, салынған жолдар жануарларды қалыпты көші-қон бағытынан жаңылыстырады екен.