Норвегия ханшайымы Астрид ағасының жерлеуінен екі күн өткен соң көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Норвегия ханшайымы Астрид 94 жасында, інісі — король Харальд V жерленгеннен соң екі күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды DW.

Норвегия ханшайымы Астрид ағасының жерлеуінен екі күн өткен соң көз жұмды
Фото: Sven Gj. Gjeruldsen / The Royal Court of Norway

Ханшайымның қайтыс болғанын Норвегия король әулеті 11 қыркүйекте хабарлады.

Астрид көпшілік алдына соңғы рет 9 қыркүйекте король Харальд V-нің жерлеу рәсіміне қатысты. Оның қайтыс болғаны туралы хабардан кейін Ослодағы Король сарайының үстіндегі ту қайтадан төмен түсірілді.

Норвегия королі Хокон VIII өзінің тәтесін король әулетінің маңызды тұлғаларының бірі деп атады. Оның айтуынша, Астрид ұзақ жылдар бойы король Харальд пен әулеттің басқа да мүшелеріне сүйеніш болып, өз міндеттерін адал атқарған, сонымен қатар оптимизм мен әзіл сезімін сақтай білген.

Айта кетелік Норвегия королі V Харальд 89 жасында қайтыс болған еді.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Норвегия король Харальд V-ні ақтық сапарға шығарып салды.