Норвегия Ирак пен Иорданиядағы әскерлерін елге қайтарып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыста Иран мен АҚШ арасындағы соғыс қаупі күшейгендіктен, Норвегия өз әскерлерін осы аймақтан шығару шешімін қабылдады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ Ekstra Bladet басылымына сілтеме жасап.

Норвегия Ирак пен Иорданиядағы әскерлерін эвакуациялайды
Фото: Азертадж

Норвегия кенеттен Ирак пен Иорданиядан әскерлерін эвакуациялауға шешім қабылдады, бұл «аймақтағы шиеленістікке» байланысты деседі.

Норвегия Қарулы күштерінің жедел штабының мәліметі бойынша, екі елден шамамен 60 әскери қызметкер шығарылды, олардың кейбіреулері әлі де қызметін жалғастырып жатыр.

— Олардың кейбірін аймақтағы шиеленістікке байланысты басқа орындарға ауыстырдық, бұл біздің серіктестерімізбен үйлестіріліп жасалды. Біз осы елдерде жергілікті қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету үшін жүрміз. Аймақтағы қауіпсіздік жағдайы осы миссияны күрделендіріп отыр, — деді Норвегия Қарулы күштерінің өкілі Бриньяр Стродал.

VG басылымының мәліметі бойынша, АҚШ та Иранға жақын бірнеше базасындағы әскерлері мен персонал санын азайтты, себебі контршабуылдан қауіптенеді.

Бұдан бұрын Иран БҰҰ-ға АҚШ тарапынан әскери агрессия болған жағдайда «батыл» жауап беретінін ескертті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум