18:14, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Норвегия Корольдігі экс-премьерінің Қазақстанға сапары өтеді
А. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Желтоқсанның 7-сі мен 8-і күндері Қазақстанға Норвегия Корольдігінің экс-премьері, Бейбітшілік пен адам құқықтарын қорғау орталығының президенті К. Бондевиктің ресми сапармен келуі жоспарланған.
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сапар барысында К. Бондевиктің еліміздің жоғары лауазымды ресми тұлғаларымен кездесуі жоспарланып отыр. Ондай кездесулер барысында 2010 жылғы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне қатысты және ынтымақтастықты дамытуға байланысты басқа да өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде», деді ресми өкіл.