Норвегия королі Хокон VIII парламентте ант берді
АСТАНА. KAZINFORM - Норвегия королі Хокон VIII ел парламентінде ант берді. Салтанатты рәсім кезінде қатысушылар король Харальд V бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды NRK телеарнасы.
— Норвегия Корольдігін оның Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқаруға уәде беремін және ант етемін. Патшайым екеуміз ел мен халық алдындағы міндетімізді орындауға дайын екенімізді растаймыз, — деп келтіреді телеарна Норвегия монархының сөзін.
Корольден кейін парламент төрағасы Масуд Гарахани сөз сөйлеп, Харальд V еске алуға бір минут үнсіздік жариялады.
Ол жаңа монархтан үлкен үміт күтетіндерін атап өтті.
— Корольдің бұл үмітті ақтауға айрықша қабілеті бар, — деді Гарахани.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Норвегияның мемлекеттік әнұранын орындады.
Норвегия королі Харальд V 89 жасында қайтыс болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның қазасына байланысты көңіл айтты.
53 жастағы Хокон VIII әкесі Харальд V қайтыс болғаннан кейін король атанды. Харальд V Норвегия тағына 1991 жылы отырған.