Норвегия кронпринцессаның ұлы зорлау және тұрмыстық зорлық үшін жауапқа тартылмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Жыл бойы жүргізілген полиция тергеуінен кейін Норвегия кронпринцессының ұлы ауыр қылмыстарға айыпталып отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні прокурор мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Сыну кронпринцессы Норвегии может грозить десять лет тюрьмы
Фото: Daily Jang

28 жастағы Мариус Борг Хёйби — кронпринцесса Метте-Мариттің ұлы және кронпринц Хоконның өгей баласы — алдағы жылдың басында сот алдында жауап береді. Прокурордың айтуынша, егер ол ең ауыр айыптар бойынша кінәлі деп танылса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хёйби зорлау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша негізгі айыптауларды жоққа шығарып отыр, алайда адвокатының мәлімдеуінше, сот процесі басталғанда кейбір жеңіл айыптар бойынша кінәсін мойындауға дайын.

— Ол зорлау мен тұрмыстық зорлыққа қатысты айыптаулармен келіспейді, — деді оның адвокаты Reuters агенттігіне.

Норвегия корольдік сарайының мәлімдемесінде бұл істі сот қарап, шешім қабылдауы тиіс екені айтылған.

Reuters дерегінше, 2024 жылдың қарашасында полиция Хёйбиді бір аптаға қамауға алған.

Оған дүйсенбі күні 32 қылмыстық іс бойынша айып тағылды, оның ішінде төрт зорлау дерегі бар.

2024 жылдың тамызында полиция Хёйбиді жақын қарым-қатынаста болған әйелді соққыға жыққаны үшін күдікті деп таныды. Ол кезде Хёйби БАҚ-қа берген мәлімдемесінде кокаин мен алкогольдің әсерінде болып, әйелге дене жарақатын салғанын және оның пәтерін ойрандағанын мойындаған.

Айта кетейік, Мариус Борг Хёйби — Метте-Мариттің 2001 жылы кронпринц Хоконмен тұрмыс құрғанға дейінгі қарым-қатынасынан туған баласы. Оның корольдік титулы да, таққа талас құқығы да жоқ.

Бұдан бұрын Норвегия мен Швеция арасында сирек кездесетін ақмаңдай қазды сақтау мәселесіне байланысты дау туындағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар