Норвегияда алдағы 10 жылда жанармаймен жүретін көлік сатуға тыйым салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияда алдағы 10 жылда жанар-жағармай және дизель отынымен жүретін автомобильдерді сатуды уақытша тоқтатады, деп жазады Independent басылымы. Оларды электромобильдер алмастыруы керек.
None
None

Норвегиялық Dagens Naeringsliv газетіндегі ақпаратқа сәйкес, іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдерді пайдалануға тыйым салу бастамасын Framstegspartiet (Прогресс партиясы) партиясы көтерді. Норвегиялық бюджеттің басым бөлігі жанар-жағармай өнеркәсібіне тәуелді.  Бастаманы өзге партиялар құптаса, құжат күшіне енеді.

Норвегиядағы автомобильдердің 24% электр қозғалтқыштары арқылы жүреді.

Нидерланды парламентінің төменгі палатасы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, 2025 жылдан елде жанар-жағармай және дизель отынымен жүретін автомобильдерді сатуға тыйым салады.  

Соңғы жаңалықтар