19:21, 09 Қаңтар 2019 | GMT +5
Норвегияда елдегі ең бай адамдардың бірінің зайыбын ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияда әлемдегі ең бай адамдардың бірі - Том Хагеннің зайыбы ұрланды. Қаскүнемдер ол үшін ақша талап етіп, қорқытқан, деп хабарлайды құқық қорғаушыларға сілтеме жасаған VG басылымы.
Норвегиялық миллионердің зайыбы - 68 жастағы Анне-Элизабет Фалкевик-Хагеннің 31 қазан күні Лёренскугтегі үйінен жоғалғаны айтылып отыр. Басылымның мәліметінше, ұрлаған адамдар криптовалюта түрінде 9 млн еуро ақша талап еткен.
Құқық қорғаушылар әйелді іздеу үшін қатаң құпиялылық жағдайында шұғыл шаралар қолданған. Істің мән-жайлары туралы тек қазір ғана белгілі болды. Өйткені бастапқыда ұрлау фактісін жариялау жағдайында әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін болған.