13:51, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Норвегияда Ресей азаматтары бар автобус аударылды, опат болғандар бар
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Норвегиядағы Хаммерфест қаласының маңында «Борис Зайцев» атындағы ресейлік траулердің ауысым экипажын апара жатқан автобус аударылды,
деп хабарлайды Би-Би-Си.
Алдын ала болжанған мәліметтерге қарағанда, жол көлік апатының салдарынан 1 адам мерт болып, 4-уі ауыр жарақат алған. Оқиға өткен түнде жергілікті уақыт бойынша 3.30-да орын алған.
Автобуста траулер экипажының 20 мүшесі бара жатқаны мәлім болды.
Апаттың салдары хабарланып жатыр. Алайда жол көлік апаты ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін деген ақапарат теріске шығарылмай отыр. Хаммерфест Норвегияның солтүстігінде орналасқан, ауа райының мәліметі бойынша өңірде түнде қар жауған.