Норвегиялық турист викингтердің семсерін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегиялық Хаукелли ауылының маңында саяхаттап жүрген турист 1 200 жылдық көне семсер тауып алды.

Норвегиялық турист викингтердің семсерін тапты

Артефакт викингке тиесілі деген болжам бар. Сабының болмағанына қарамастан, қылыш жақсы сақталған.

Көне қару дереу археологтарға тапсырылды. Олар бұл семсер 750-800 жылы жасалды деп болжап отыр. Қылыштың ұзындығы 77 см. Сарапшылар атап өткендей, мұндай ұзындық Норвегияның батысында VIII-IX ғғ. тұрған викингтердің қаруына сәйкес келеді, деп жазды zele.ru.