Норвегияның Брейфонн мұздығы жойылып кетуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Бір кездері Ругаланн аймағының «ақ мақтанышы» саналған және «Норвегияның оңтүстік полюсі» деген лақап атқа ие болған Брейфонн мұздығы жылдам еріп, жойылып барады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ

Норвегияның Брейфонн мұздығы жойылып кетуі мүмкін
Фото: АЗЕРТАДЖ

Ғалымдардың болжауынша, мұздық 10 жылдан ішінде толығымен жойылып кетуі мүмкін.

2025 жылы Annals of Glaciology ғылыми журналында жарияланған жаңа зерттеулер мұздық 1950 жылдардан бері өз аумағының 94%-ы — 1955 жылғы 3,3 шаршы шақырымнан 2024 жылы небәрі 0,17 шаршы шақырымы қалғанынын көрсетеді.

Брейфонн бұрын Ругаланн пен Вестланд аймақтарының шекарасында жалғыз мұз қабаты болған, бірақ 1980 жылдан бастап ол бөлек фрагменттерге ыдырай бастады. Эрозия 2018 жылдан кейін жылдам жүрді. Ол кезде жаз өте жылы, қыста қар аз жауды. 

Өлшеулер көрсеткендей, 1970 жылдардың аяғынан бастап кейбір жерлерде мұздың қалыңдығы 45 метрге дейін кішірейген. Соңғы жылдары ең үлкен қалдықтар жыл сайын қалыңдығын бір метрге жуық жоғалтып жатыр. Брейфонның орналасқан жері оның осалдығына одан әрі ықпал етеді. Мұздық төмен және тегіс жатыр, биіктігі 200 метрден аз, бұл климат жылынған сайын суық аймақтарға шегіну мүмкіндігін жояды.

Қазір Брейфон жойылып кету қаупі төнген мұздықтар кіретін Global Glacier Casualty List халықаралық тізіміне енді. Ғалымдар оның қазіргі күйіне қарамастан, оны әлі күнге мұздықтар қатарынан шығармаған. Брейфонн халықаралық классификация бойынша көк мұздың белгілерін және алдыңғы қозғалыстағы жарықтарды сақтай отырып, 20 ұпайдың 18-ін жинады. Дегенмен, зерттеушілер мұздықтың белсенді санаттан жойылып кету қаупі төнген күйге ауысқанын және қабаты тым жұқа болуы мүмкін екенін атап өтті. Алдағы уақытта оның болашағын спутник арқылы бақылау жоспарланып отыр.

Еске салайық, Түркияда мұздықтар еріп, экожүйеге қауіп төнді. Климаттың өзгеруі елдің тепе-теңдігін бұзып жатыр.

Соңғы жаңалықтар