Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Нөсер, бұршақ, дауыл: 16 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 6 тамызға арналған ауа райына байланысты еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Нөсер, бұршақ, дауыл: 16 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Эльмира Оралбаева/Kazinform

Ұлытау облысында түнде облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Алакөл көлдері маңында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары, ал солтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі жарияланған.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Облыстың шығысында түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 18 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше, ал батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде күндіз +38 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Батысында жоғары, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі жарияланған.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Батысында төтенше, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында 15 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде жоғары, ал батысы, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың орталығы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні түнде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Тау бөктері мен таулы аудандарда кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы өңірлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше, ал солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі жарияланған.

Қызылорда облысында және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың батысы, шығысы және орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары, ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі жарияланған.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жаңбыр болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауылды жел болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде осындай ауа райы сақталады. Облыстың батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

Айта кетейік, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелер Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа райына ықпалын сақтайды. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін екені болжанған болатын.