Нөсер жаңбыр, найзағай, үсік; 29 мамырда ауа райы қандай болады
АСТАНА.KAZINFORM — Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл болады. Кейбір аймақтарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні 15–18 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Жел соғып, өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Күндіз батыс пен солтүстікте де жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Оңтүстік-батыс желі соғып, түнде солтүстік пен шығыста жел екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с болады. Батыс, солтүстік және оңтүстікте екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл болады. Желдің екпіні күндіз 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі соғып, солтүстік, шығыс және батыста екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік және шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с.
Павлодар облысында түнде жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Күндіз солтүстік пен шығыста найзағайлы жаңбыр жалғасады. Оңтүстік-батыс желі соғып, түнде солтүстік пен шығыста жел екпіні 15–20 м/с, күндіз де 15–20 м/с болады. Солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс және батыс желі соғып, батыс, солтүстік және шығыста екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда таңертең және күндіз жел екпіні 15–20 м/с болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз солтүстік пен шығыста жел екпіні 15–20 м/с болады. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіні 15–20 м/с.
Абай облысында түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Күндіз шығыс пен орталықта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желі соғып, батыс, солтүстік және шығыста екпіні 15–20 м/с, түнде кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, шығыста төтенше өрт қаупі бар. Семейде түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні 15–20 м/с. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желі соғып, батыс, оңтүстік, шығыс және таулы өңірлерде екпіні 18–23 м/с болады. Солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта күндіз жел екпіні 18 м/с.
Жетісу облысында түнде таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік, шығыс және таулы өңірлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі соғып, солтүстік, батыс және шығыста екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, шығыста төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыс желі соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс және шығыс желі соғып, екпіні 15–20 м/с болады. Батыс, шығыс және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік пен солтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында түнде солтүстік, шығыс және орталықта аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр мен найзағай болады. Батыста кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Таңертең солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік желі соғып, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ал оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болады. Солтүстік-шығыс желі соғып, оңтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде жел екпіні 15–18 м/с.
Маңғыстау облысында күндіз батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс, оңтүстік және орталықта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі соғып, оңтүстік, солтүстік-шығыс және орталықта екпіні 17–22 м/с-қа жетеді. Солтүстік, шығыс және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялаған еді.