Ноттингем қаласындағы жатақхананың өртенуі салдарынан баспанасыз қалған екі қазақстандық студентке көмек көрсетілді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ноттингемдегі жатақхананың өртенуі кезінде баспанасыз қалған екі студентке көмек көрсетілді. 30 наурыз күні Англияның солтүстік-шығысындағы Ноттингем қаласында қазақстандық студенттер тұрып жатқан «The Student Lodge» жатақханасында өрт шыққан.
None
None

Оқиға салдарынан ғимараттың бір бөлігі мен сонда тұрып жатқан студенттердің мүліктері өртеніп кеткен. Жатақхана қызметкерлерінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде онда тұрып жатқандардың барлығы дер уақытында қауіпсіз жерге шығарылып үлгерді.

Белгілі болғандай, аталған жатақханада 3 қазақстандық студент тұрып жатқан. Өрт салдарынан тек қазақстандық екі студенттің бөлмелері мен жеке заттары зардап шеккен. Ал қазақстандық үшінші студенттің бөлмесіне жалын тілі жетпеген. Студенттердің өздері болса дін-аман, оларға уақытша баспана берілді. Аталмыш оқиғадан кейін «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандық студенттердің бірлестігі зардап шеккен екі отандасымызға киім-кешектер мен азық-түлік сатып алулары үшін 500 фунт стерлинг түрінде бір реттік қаржылай көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар