«НТВ-Плюс» пен MSN интернетте футболды көрсетуге келісті
АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - MSN порталы мен «НТВ-Плюс» телеарнасының агенті TV Scope ресейлік футбол премьер-лигасының ойындарын интернетте тегін көрсету туралы келісімге келді. MSN тегін көрсетілімдерін мамыр айының ортасына дейін жүргізе алады, ал сосын өз қызметін пайдаланушыларына әрбір көрсетілім үшін - әр ойынды тамашалауға 40 сом төлемін енгізбек. Бұл туралы ресейлік «Ведомости» газеті жазады.
Microsoft компаниясының өкілі Павел Черкашиннің айтуынша, MSN ең маңызды матчтарды тегін көрсетуге мүмкіндік табуға үміт артады. Ал, оның орнына өз порталының «НТВ-Плюске» не ұсына алатынын Черкашин ашып айтпады. TVscope компаниясының бас директоры Александр Пиотровскийдің айтуынша, телеарна тегін көрсетілімдерін жалғастыруға болатындай шарттарын да ұсынған. Нендей шарттар екені жайында да айтылмайды.
Сонымен, MSN сайтының футболға арналған бетінде тағы алты матчты - Ресей чемпионатының алдағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы турларының екі ойынын пайдаланушылар тегін көре алады.