«НТВ-Плюс» премьер-лиганың ойындарын тегін көрсетуге тыйым салды

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - «НТВ-Плюс» телеарнасы ресейлік премьер-лигасының матчтарын интернетте көрсету құқын сатып алған MSN (Microsoft News) порталын ойындарды тегін көрсетуге міндеттеді, деп хабарлайды ҚазаАқпарат. Бұл туралы «Ведомости» газеті жазған. Солай бола тұрғанымен, MSN өкілдерінің айтуынша, порталдың тегін көрсетілімдер тарату құқы «НТВ-Плюс» арнасымен шартта жазылған.

«НТВ-Плюс» премьер-лиганың ойындарын тегін көрсетуге тыйым салды

MSN TV Scope компаниясынан («НТВ-Плюстің» агенті) премьер-лига матчтарын көрсету құқын 2010 жылдың сәуірінде сатып алған. Сауда мәмілесінің көлемі таратылмайды. MSN матчтарды тегін көрсетуді, ал пайданы жарнамадан табуды көздеген. Портал бірнеше ойынды көрсетіп те үлгерді. Microsoft өкілінің айтуынша, MSN-дағы матчтардың көрсетілімдері 200 мыңдай адамды шетелдік порталдың мониторларына тарта алған.