«Нұр Астана» мешіті елорда тазалықшыларына ыстық ас пен шәй таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Астана» орталық мешіті Астана тазалықшыларына арнаулы шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Алты айлап қысқы ызғар мен қалың қар жауған аралықта қала тазалықшыларының қызметі қызады. Тазалықшылар аязды күнге қарамастан қала қонақтары мен тұрғындарының, қала берді көліктердің қозғалысына қолайлық тудыру үшін ала таңнан жұмысқа кіріседі. Бел буып, күрек арқалап, қалтқысыз еңбек етеді», - делінген мешіттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осындай еңбекқор топқа «Нұр Астана» мешітінің қызметкерлері  бүгін таңертең ыстық ас пен шәй таратты.

«Игілікті шарамен Д.Қонаев, Мәңгілік ел және Қабанбай батыр көшелері бойында жұмысқа жұмылдырылған 90 адам қамтылды», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар