Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нұр Отан» әлеуметтік желілерде байқау жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыруымен 10 сәуір мен 9 мамыр аралығында Facebook, Vkontakte және Instagramm әлеуметтік желілерінде «Аға буын - ғасырдан жеткен даналық» тақырыбына үздік әңгімеге байқау өтеді. Шара «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру барысында қолға алынды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр Отан» әлеуметтік желілерде байқау жариялады

«Қарттарға және ата-баба мұрасына құрмет, аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік істері туралы естелік - міне, қазақстандық қоғамның осы асыл құндылықтары байқауға арқау болады. Тәуелсіздік ұрпағының санасында аға буынға деген қамқорлық пен құрмет сезімін сақтап, оны дамыту өте маңызды. Қазіргі жаһандану жағдайларында ұлттық құндылықтарға сын сағаты туып отыр, талай ғасырлық тарих тәжірибесіне негізделген принциптер алмасып, мүлдем жоғалуда», делінген хабарламада.

Байқау шарттары:

1) Байқауға кез келген үміткер қатыса алады;

2) Пост жазуда жанрлық шектеу қойылмайды. Әңгіме, эссе, өлең-жыр, фотосурет және т.б. түрінде болуы да мүмкін.

3) Пост (немесе фотосурет) мазмұны автордың өміріндегі аға ұрпақтың рөлі туралы баяндауы тиіс. Шығарма кейіпкері байқауға қатысушының өміріндегі қызықты оқиға немесе таныстық байланыстыратын ата-бабасы, туған атасы мен әжесі, ардагерлер, аға буын өкілдері бола алады.

4) Пост автордың Facebook немесе Vkontakte-дегі жеке парақшасында, ал фотосуреттер - Instagramm-да орналастырылады.

5) Парақшасына жариялағаннан кейін press@nurotan.kz пошта жәшігіне постқа сілтеме жолдау қажет. Фотосуреттер жариялайтын қатысушылар оны #ardager хештегімен белгілеуі қажет.

Байқауды өткізу тәртібі:

1) 10 сәуір мен 1 мамыр аралығы - байқауға қатысу үшін жұмыстарды қабылдау;

2) 2-4 мамыр аралығында - ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлерінен құрылған тәуелсіз комиссия әрбір әлеуметтік желі (фейсбук, вконтакте, инстаграмм) бойынша байқаудың 5 ақтық жеңімпазын анықтайды;

3) 4-7 мамыр аралығында - ақтық жеңімпаздардың жұмыстары интернет-дауыс беруге ұсынылады;

4) Байқау Facebook, Vkontakte, Instagramm әлеуметтік желілерінде бір-бір жеңімпаздан анықтайды;

5) Жеңімпаздарды марапаттау 8 мамырда өтеді. Сыйлыққа - «Samsung GALAXY Camera» фотокамерасы тарту етіледі.

Айта кету керек, ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылардың материалдарын жариялау құқығын өзіне қалдырады.