«Нұр Отан» аймақтық филиалдардағы қызметкерлердің жалақысын 15 пайызға көтерді
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының шығындарын азайту арқылы аймақтық филиалдардың қызметкерлері мен филиал жетекшілері бірінші орынбасарларының жалақысын 15 пайызға арттырды.
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының XV съезі аясында өткен «Партиялық жұмыстың жаңа үлгісі» секциялық мәжілісінде партия хатшысы Эльдар Сыздықов айтты.
«Бұл жұмыс өз жалғасын табады. Яғни орталық деңгейде икемдеу арқылы аймақтағы жұмысты жандандырамыз. Біз бүгінде аймақтарда «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы деген жалақысы төленетін қызмет орнын аштық. Өйткені аймақтағы жастар арқа сүйер нақты адам керек», - деді ол.