«Нұр Отан» бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізуде - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең «Нұр Отан» ХДП филиалының бас кеңсесінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясы басталды. Ашылу салтанаты аяқталған соң «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» басталды.

«Нұр Отан» бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізуде - ШҚО

Мұндай жәрмеңкелер бүгінде партияның барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, аудандық және қалалық бөлімшелерінде өтіп жатыр және кез-келген ниет білдіруші мемлекеттік бағдарлама бойынша өзіне жұмыс таңдап ала алады.

Акцияға әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, аудандық шағын және орта бизнес қауымдастығының өкілдері қатысуда. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне аумақтарда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыратын операторлар қатысатынын атап өту маңызды.

Ашылу салтанатында акция барысында келіп түскен барлық өтініштер жинақталып, талданатын болады деп атап өтілді.