«Нұр Отан» Доктринасының қазақстандық қоғам үшін маңызы зор - М.Әділов, БҚО
ОРАЛ. 21 қазан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХV съезінде қабылданған Доктринаның қазақстандық қоғам үшін маңызы зор.
Бұл туралы «Оралагрореммаш» АҚ қызметкері Меңдіхан Әділов мәлім етті.
«Доктринада ұлттық идеологиямыз бен ұлттық құндылықтарымызды, тарихымыз бен руханиятымызды жаңғырту және сақтап қалу басымдықтарының қамтылғандығы қуантады. Жаһандану заманымен сай дамып келе жатқан партияның жаңа саяси Доктринасында тәрбиеге көп мән берілген. Партияның бас құжаты тәрбиеге, имандылыққа негізделген, жеткіншек ұрпақтың дұрыс азамат болып қалыптасуының барлық сатысы қамтылған. Бұл бәріміз үшін де маңызды», деді М.Әділов.