«Нұр Отан» «Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіруде
АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астанадағы және елдің бүкіл аймақтарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Азаматтарды «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша қабылдаудың бір күні» атты акция өтуде.
Партиялықтар бұл бағдарламаның жұмыссыз, аз қамтылған және өз бизнесімен айналысқысы келетін адамдар алдында ашатын келешегін түсіндіруде. Өз кезегінде қазақстандықтар акцияларды сатып алу механизмімен, «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысудың мүмкіндіктері және проблемаларымен таныса алады.
Азаматтардың сұрақтарына ҚР Экономикалық дамыту және сауда министрлігінің, «Самұрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының басшылары, «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық банктің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, бағдарламаның дебютант-компаниясы - «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазпошта» АҚ-ның трансферттік-агенттік желісінің және брокерлік компанияның топ-менеджерлері жауап береді.