10:37, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП 10 жылдығына орай өткізілген «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы мәреге жетті
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Нұр Отан» ХДП 10 жылдығына орай өткізілген «Үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауының қорытындылары шығарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байқауға қалалық және аудандық филиалдарының 329 бастауыш ұйымы қатысып, облыстық комиссияға жергілікті жерлерде жеңімпаз атанған 14 ұйымның құжаты тапсырылды. Жеңімпаздарды анықтауда партия қатарының өсуі, мүшелік жарналардың мерзімінде және толықтай жиналуы, бастауыш партия ұйымының жергілікті экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпалы және басқа жайттар ескерілді.
Үздіктер қатарында Ақжайық ауданы Бударин бастауыш партия ұйымының төрағасы Руслан Қайырманов, Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылынан Мәдина Қарабалина, Бөрлінің Қызылталынан Меңсұлу Алтаева, Жаңақаланың Көпжасарынан Жұпмағамбет Танзенов және басқалар бар.
Жеңімпаздарды облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.