«Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы сыбайлас жемқорлықпен күрес байқауын қорытындылады

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын үздік жүргізген ұйымдар арасындағы байқау қорытындысын шығарып, жүлдегерлерге сый-құрмет көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес облыстық кеңес төрайымы Любовь Рубежанскаяның айтуынша, халықтық демократиялық партияның 10 жылдығы мен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы аясында өткізілген өңірлік байқауға ұжымдық жұмыстар мен жекелей авторлар қатысқан көрінеді. Қазылар алқасы өздеріне ұсынылған жұмыстардың мазмұндылығына, нақтылы деректеріне, жемқорлықпен күрес жүргізудегі белсенді іс-әрекеттеріне ерекше назар аударған. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау нәтижесі бойынша «Үздік департамент» аталымында еңбекпен қамту және әлеуметтік үйлестіру, ішкі саясат басқармалары , «Жаңа формацияның мемлекеттік қызметкері» аталымында Қорғалжын аудандық физкультура және спорт бөлімінің бастығы Мұхит Ахметов пен табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Аманжол Алпысбаев жеңімпаз атанды. Сонымен қатар табиғи ресурстар және табиғат байлығын пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы мен мәдениет басқармаларының жақсы жұмыстары атап өтіліп, алғыс хаттар табысталды.
Соңғы жаңалықтар