«Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалында жұмыспен қамтамасыз ету жайы қарастырылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының мәжіліс залында «Береке-бірлік» клубының ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстел басында
None
None
«Жинақтаушы зейнетақы қорларын экономикалық дағдарыс жағдайында тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету» мәселесі талқыланып, осы бағытта атқарылуға тиісті іс шаралар айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқосуға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Уәлихан Қоңырбаев, Аманжол Жазин, мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партиялар, жастар қоғамдық бірлестіктері, БАҚ, шағын және орта бизнес өкілдері, жинақтаушы зейнетақы қорларының жетекшілері, қаржы және бюджеттік мекеме басшылары мен басқа да лауазымды қызметкерлер қатысып, Елбасының ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында елдің зейнетақы жүйесін тұрақты жұмыс жасауын қамту, зейнетақы заңдылықтарын түсіндіру және насихаттау, ЖЗҚ-ның дағдарыс жағдайындағы шараларын қоғамға жария ету турасындағы тапсырмалары талқыланды. Пікір сайыс аясында қаржы жүйесіне қатысты мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламасын түсіндіру, зейнетақы қорларының жұмыс істеуін талқылау, ЖЗҚ-дағы халық салымдарын мемлекет тарапынан сақтау жөнінде зейнетақы заңдылықтарына енгізілген өзгерістер жайында қоғамды құлақтандыру қарастырылды. Талқыланған мәселелер негізінде арнайы құжат қабылданды.
Соңғы жаңалықтар